Афиша

«Ақжайық өлкем» көрмесі

«Ақжайық өлкем» көрмесі
2026 жылдың 10 шілдесі күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Нұрбек Жәрдемовтің (Bekus) 55 жылдық мерейтойына арналған «Ақжайық өлкем» атты республикалық жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Суретші шығармашылығында қазақтың мәдени дәстүрі ерекше орын алады. Ұлттық мәдениеттің бейнелері, таңбалары және көркемдік ырғақтары суретші туындыларында сол күйінде қайталанбай, автордың жеке тәжірибесі әрі шығармашылық көзқарасы арқылы жаңаша пайымдалады. Оның шығармалары – өткен мен бүгін арасындағы рухани сұхбат. Өткеннің құндылықтары қазіргі заманмен үндесіп, болашақтың рухани бағдарларын қалыптастыратын маңызды күш ретінде көрініс табады.

Көрмеде барлығы 50 картина келушілер назарына ұсынылады.