Афиша

«Керемет жібек: Қытайдың заманауи жібек өнері» көрмесі

«Керемет жібек: Қытайдың заманауи жібек өнері» көрмесі
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қытай Жібек музейі, Хучжоу музейі және Тұрпан музейімен бірлесіп ұйымдастырылған «Керемет жібек: Қытайдың заманауи жібек өнері» халықаралық көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрме жобасы келушілерді Қытайдың бай жібек мәдениеті мұрасымен және жібек өнерінің заманауи даму үрдістерімен таныстырады. Экспозицияда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен бүгінгі өнер мен дизайнның өзекті бағыттары үйлесімді тоғысады.